АСҚАЗАН-ІШЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫН
ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ПРЕПАРАТТАР

Қолданылуы:

  • газ түзілудің жоғарылауынан туындаған асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылыстар кезінде симптоматикалық ем үшін, мысалы, метеоризм, іштің кебуі кезінде;
  • құрсақ қуысы мен кіші жамбас ағзаларын диагностикалық зерттеу кезінде, мысалы, рентгенологиялық немесе ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) кезінде қосымша дәрі ретінде.

Құрамы:

  • Бір капсуланың құрамында белсенді зат: полидиметилсилоксаннан (ПДМС) және кремнийдің қостотығынан тұратын симетикон 40 мг.

Қолдануға болмайтын жағдайлар:

  • әсер етуші затқа, «күн батар түстес сары» FCF (E 110) бояғышына, метилпарагидроксибензоатқа (E 218) немесе құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Эспумизан® жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдануға болады.

Босату шарттары рецептісіз.

Тағайындау және пайдалану алдында Эспумизан® препаратының медициналық пайдалану жөніндегі нұсқаулығын мұқият оқып шығу қажет.

Өз бетімен емделу денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін.

ҚР-ДЗ-5№ 005061 21.02.2017 ж. –
ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ ШЕКТЕУСІЗ.